82 жастағы британдық миллиардер Альберт Губей дәулетінің жартысын католик шіркеуіне тапсыратын болды. Оның айтуынша, бұл - миллиардердің осыдан 40 жыл бұрын Құдаймен жасаған «келісімшартының» басты талабы. Christian Post басылымының мәліметінше, Альберт Губей 70-жылдары Құдаймен «келісімшартқа» отырған. Кәсіпкер жаратушыдан өзін байлыққа жеткізуді тілеген. Құдайға берген антында ол «егер байып кетсем, бар жиған ақшамның жартысын шіркеуге беруге уәде етемін», – деген. Осыдан кейін Губей өзінің Kwik Save супермаркеттер желісін фитнес-үйірмелер желісіне алмастырды. 2004 жылы оны 70 млн фунтқа сатып, Ұлыбритания, Ирландия мен Ресейде тұрғын үй салуға қаржы аудара бастады. Альберт Губей әлемнің ең бай адамдары тізімінің 880-орнында. Ол Құдаймен арадағы «келісімшартқа» сәйкес, католик шіркеуіне әзірше 500 млн фунттан артық қаржысын аударып отыр. http://www.alashainasy.kz/?p=30948#comments