Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:54


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Сіз жиі қолданатын броузер
Жауап берілді: 173

Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 2 » Гаитидегі зілзала нені білдіреді?
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
Гаитидегі зілзала нені білдіреді?
21:28
12-ші қаңтарда батыс жарты шардағы ең кедей елдердің бірі Гаитиде қа­тарынан үш мәрте алапат жер сіл­кінісі болды.
Зілзала басталып, астан-кестең бас­талған кезде ел астанасы Порт-о-Пренсаның көшелерінде адамдар туған-ту­ыс­тары мен жақындарын таба алмай, өрт пен қираған үйінділердің арасында­ не істерін білмей сабылды. Ақырзаман­ басталғандай қаланы үрей биледі.
Құранның «Бақара», «Әнғам» және өзге де сүрелерде ақырзаманның алдында болатын зілзала туралы осылай­ суреттейді. Қасиетті Құран Кәрім­дегі аят­тардың 80 пайызы қиямет-қайым жайлы айтылса, оның жартысы зілзала мен өзге де табиғи апаттар туралы кел­ген. Тіпті пайғамбарымыздың хадисте­рін­де де зілзала туралы сөз етіледі. Мә­селен, Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз: «Жер сілкіну жиілемегенше Қиямет күні басталмайды», – деп айтқан.
Бірде хазіреті Омар көпшіліктің алдында насихат айтып отырады. Осы кезде қайта-қайта жер сілкініп, Алланың сүйікті құлының насихатын бұза берді. Ойы мен сөзін бөле бергеніне ашуланған Омар жерді жұдырығымен бір соғып қалып: «Ей, Алланың жаратылған мақұлығы, Раббының атымен ты­ныштал!» – деп айтты. Сол кезде жер бірден тынышталып, қайта сілкін­бей­ қалды. Осы оқиға туралы Ислам ғалымдары Омар хикаясынан кейін Сауд Арабияда, яғни қасиетті Мекке қаласында мүлде жер сілкінісі болмағанын айтады. Олардың айтуынша, қиямет-қайымға дейін Арабия түбегінде жер сілкінісі болмайтын көрінеді. Расында, Омардың оқиғасына дейін мыңдаған жылдар бойы Меккеде жер сілкі­ні­сі жиі болып тұратын. Содан бері мың жарым жыл өтсе де қасиетті жерде бір­де-бір жер сілкінісі, зілзала бола қой­ған жоқ. Бұл Алланың құдіреті емес пе?
Көне заманнан бері жер сілкінісі жайлы түрлі аңыз-әңгімелер айтылып келеді. Мәселен, жер сілкінісі жиі болып тұратын Грекия, Италия, Түркия, Қытай және Жапония сияқты елдерде ертедегі адамдар жерді үлкен қос мүйізі бар бұқа көтеріп тұрады деп ойлаған. Олар сол бұқа қозғалған кезде жер сіл­кінісі болады деп сенген. Ал көшпен­ді ата-бабаларымыз екі таудың бір-бірімен соқтығысуынан жер сілкінеді деп түсінген. Бұл туралы көптеген аң­ыздар да жеткілікті. Сондай аңыздардан туындаған қазақтың наным-сені­мінде зілзала жеті жұтқа кіргізілген. Жеті жұт – зілзала, соғыс, өрт, сел, қуаң­шылық, індет және ақ қар-көк мұз. Әрине, жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында ғана ор­ын алатыны белгілі. Десек те еліміз, же­ріміз әлемдік зәлзала ошағынан әж­еп­теуір алыс жатқандықтан Гаитидегі­дей алапат жер сілкінісі көп бола қоймайды.
Жер сілкінісін зерттейтін арнайы ма­мандардың айтуынша, Гаитидегі алғашқы зілзаланың қуаты 7 балл болған,  ар­тынша 5,9 және 5,5 баллдық екі дүм­пу қайталанған. Бұл Кариб аймағы тарихындағы ең жойқын зілзала екен. Гаити жер сілкінісінен 3 миллионнан ас­там адам жапа шегіп, бір миллионнан астам тұрғыны бар Гаити астанасы Порт-о-Пренс түгел қирап, көптеген адамдар үйінділердің астында қалды.
Екі аптаның ішінде зәлзаладан құр­бан болған 50 мың адамның  7 мыңнан­ астамы  ортақ   зиратқа  жерленіп, жараланған 300 мыңнан астам адам тауқымет тартып отыр.
Гаитиде 10 миллион тұрғын бар. Са­рапшы-сейсмологтар ұзақ жылдар бойы жойқын зілзаланың болу мүмкіндігі ту­ра­лы ескертіп, Эспаньола аралының оңтүстік бөлігін «ірі сейсмикалық қа­тер­лі» өңір деп атады. Себебі ел Сол­түстік Америка және Кариб плиталарының түйіскен жерінде орналасқан. http://zamana.kz/

Н. САПАР.
Категориясы: Сұрақ-жауап | Көрілді: 209 | Ендірген: Janetta | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010