Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:27


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Сiзге дағдарыс қаншалықты әсер етуде
Жауап берілді: 97

Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 25 » Ұлыстың ұлы күні мәртебелі таққа отырды
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
Ұлыстың ұлы күні мәртебелі таққа отырды
23:33
Сүйінші! Жыл басы – Наурыз мейрамы биылдан бастап түрік, парсы және кавказ халықтарында ғана емес, 200-ге тарта  ел ұйысқан Біріккен Ұлттар ұйымының көлемінде дүбірлетіп аталып өтпек. БҰҰ Бас Ассамблеясы «халықаралық Наурыз мерекесі» қарарын бірауыздан қабылдап, 21-інші наурыз күнін әлемдік мереке ретінде белгіледі. Әз Наурыз алғаш рет бір ұлттың немесе мәдениеттің мерекесі ретінде ғана емес, бүкіл адамзат мұрасының құрамдас бір бөлігі ретінде аталып өтетін болады.
23-інші ақпанда Қазақстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Албания, Македония және Үндістан елдерінің өкілдері «Халықаралық Наурыз мерекесі» қарарын БҰҰ Бас Ассамблеясына таныстырды. 2009 жылы қыркүйекте Наурыз мерекесі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес құндылықтар мұрасының тізіміне енгізілген болатын. халықаралық Наурыз мерекесі күні ретінде 21-інші  наурыздың тағайындалуы мәдениетаралық өзара түсіністік пен диалогтің, төзімділік, тату көршілік пен ынтымақтастықтың мүдделеріне сай келеді. Наурыз мерекесі  – үш мың жылдан бері салтанатты түрде Орталық Азиядан Балқанға дейінгі ауқымды өңірде аталып өтуде және өз бойына гуманизм, достық пен төзімділік сынды құндылықтарды сіңірген, халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқаратын мейрам. Енді, міне, Әз наурыз әлемдік мейрамға айналып отыр.
Ғалия ҚАМБАРБЕКОВА, филология ғылымының кандидаты, шығыстанушы:
– БҰҰ-ның Наурызды халықаралық мейрам ретінде бекітуі – бүкіл шығыс әлемі, түркі дүниесі үшін зор жетістік. Өйткені Наурыз, бер жағында туыстас халықтарды рухани біріктіретін, ар жағында барша адамзатты мәдени тұрғыда табыстыратын тамаша мереке болмақ. Меніңше, алдағы кезде Наурыздың халықаралық мейрам болуына байланысты міндетті түрде оны тойлаудың ортақ формасы қалыптасады. Дегенмен әр елдің өз ерекшелігіне қарай, тойлау дәстүрі Наурыз мейрамының өзіндік бояуын, сән-салтанатын арттыратынын ұмытпауымыз керек. Қазақ елінің ұлыс мерекесін бір күн емес, бір ай бойы атап өтетіні мәлім. Осы жерде күннің жылынуы, табиғаттың түрленуіне қарай оңтүстіктен солтүстікке дейін Наурыз шеруін ұйымдастыруға болатын сияқты.

"Алаш айнасы" газеті

Құбаш Сағидоллаұлы
Категориясы: Ел жаңалықтары | Көрілді: 132 | Ендірген: abdul | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010