Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:56


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Вирусқа қарсы қандай бағдарламаларды қолданып жатырсыз?
Жауап берілді: 198

Негізгі бет » 2010 » Ақпан » 12 » Махаббат күні машақат күніне айналды
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
Махаббат күні машақат күніне айналды
23:48
Соңғы жылдары 14 ақпан қазақтың қара баласы үшін қуанышынан гөрі, өкініші басымдау күнге айналып барады. Бұл күн аталуынан бұрын аталмағаны жөн боларлық мерекесымақты өзімен бірге ала келді. Сөйтті де ар-ұятты, иманды ұмыттыра бастады.
Католиктер баратын шіркеулерде 14 күні әулие атанған Валентинді еске түсірсе, православтар үшін бұл маңызды күн емес. Ал мұсылмандар үшін, тіпті қажетсіз нәрсе. Өйткені мұсылманның жаныңа жылу сыйлайтын, жүректе иман гүлінің жапырағын жайқалтып, одан әрі нұрландыратын мейрамдары онсыз да жеткілікті. Олардың жанында әулие Валентинің түкке тұрмасы анық.

Ислам дінін ұстанатындарға бойындағы махаббат, ғашықтық сезімін білдіру үшін бір күнді арнау әбестік болар еді. Алланың әр күні - біз үшін үлкен сый. Жарық таңды жақсылықпен қарсы алған әр мұсылман махаббат сезімін Алланың бұйыртқан күні айта алады, жүрегі қалаған адамына ыстық сезімін жеткізуіне мүмкіндігі бар. Валентинге қарап қалған ештеңеміз жоқ...
Алайда кейбір қазақ жастарының әрнәрсенің байыбына бара бермей, осы күнге жата келіп «жабысатынына» қайран қаласың. Дүкендер мен базарлар түрлі сыйлықтар мен открыткаларға толып кетті. Түрлі-түсті шарлар, жүрекшелер қыз-жігіттер түгілі, буыны бекімеген балалардың да ақыл-есін жаулап алды. Қазір білім ордаларында ақша жинау, сыйлық алу етек алды. «Әулие Валентин күні» ата-бабамыздан қалған мереке іспеттес болып барады. «Әулие Валентин күнін» Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бері, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеуде. Ресейдің өзіне 1990 жылдың басында келді. Ал бізге не жорық?!
Бір «әттеген-ай», осы күнді Астана мен Алматы секілді қалаларда бірсыпыра қоғамдық ұйымдар ресми түрде тойлауды дағдыға айналдырды. Айталық, Астанада бір ұйымдар Бәйтерек жанында атап өтуді ұйғарса, Алматыда ойын-сауық ұйымдастырумен шұғылданатын агенттіктер үсті-үстіне жарнама беріп, мерекелік шара өткізуді өз мойындарына алып отыр. Олардың бағдарламаларында не барын біз айтпасақ та іштеріңіз сезетін болар. Ал кейбір білім ордалары сүйісуден жарыс ұйымдастыруды ұят санамауға айналды.
Қысқасы, қазақ үшін махаббат күні машақат күніне айналып барады. Жастарымызды жат әдетке үйрететін Валентин күнінен арашалап қалар адам табылмай тұр.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

http://www.aikyn.kz/


Категориясы: Өзекті мәселелер | Көрілді: 183 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 0.0/0 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010