Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:44


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Сіздің қалтафоныңыз
Жауап берілді: 178

Негізгі бет » 2009 » Желтоқсан » 7 » ОБАЛДЫ ДА ОЙЛАЙЫҚ
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
ОБАЛДЫ ДА ОЙЛАЙЫҚ
22:20
«Сен өмірге келгенде - ел қуанды, күлді, сен - жыладың. Сен өмірден өткенде - елдер жыласып, сен күлетіндей өмір сүр!»- деді.
Солай демекші, бұл пәниде періште болып өттім деген жұмыр басты пенде жоқ шығар. Неге десең, бәріміз де қу құлқынның құлы болғаннан кейін, өмірде кездесетін қуаныш-реніші, ауыры-жеңілі, ыстық-суығы болып тұрады. Соның ауырлығына төзе алмай, жеңілдігіне масайып, кеуде көтеріп, тәкаппарлыққа кетіп қалатын жайымыз бар. Тәңірдің көрсетіп қойған осы жолымен жүрсең, адаспайсың деген бағытынан кейде ауытқып кететін кездеріміз болады. Ауыртпалық пен тағдырдың тауқыметіне төзе алмай арқалаған күнәміз аздай, соңғы сапарға шығарып салғанда жууға түсетін адам дайындау керек деп ең азы төрт құда-құдағи, нағашы жұрт, өз ағайындары, қатар құрбысынан дейміз. Ол кісілердің ішінде имандылық жолына түскені де, баяғы «әлаулайіне» басып, «арақты бидайдан жасайды, шошқаны да Құдай жаратқан» деп харам затты «халалға» балап жүрген екіжүзділері де жууға түсіп, күнәміздің үстіне күнә жамаймыз. Әсіресе, ең жаманы - мына пәни жалғандағы тума-туыс, ағайын-жекжат, бала-шағаны маңдай терімен тапқан дүние-мүлік, жиған-тергеннің бәрін тастап, бұйырса, үстіңе бес құлаш ақ мата оранып, мәңгілік отаны - көрстанға жападан жалғыз өзің ғана аттанасың. Жаныңда досың да, жан жарың да, ешкім жоқ, белгісіз әлем. О дүние есігін ашқанда алдыңнан сұрақ алуға Тәңірдің екі періштесі - Нәңкүр, Мүңкір гүрзісін алып, дайын тұрар. Сонда өз күнәларамыз аздай, ішінде арақ пен темекінің иісі тұнып тұрған ақымда қаһарына мініп тосып тұрған періштелер. Араққа тойып, аузына келген былапыт сөздерді бір-біріне қарша боратып, сенің мәңгілік мекеніңді иіспен, сөзбен ластап, қаралы үйден көр қазған ақысын алып ішуді әрі қарай жалғастырып кеткен пәни дүниеде қалған бейшаралардың ісі күнә үстіне күнә боп жамалып жатпасына кім кепіл. Бұл пәниде мәңгі ештеңе жоқ. Тәңірден басқаның бәрінің де ақыры бар. Аллаһ тағаланың пендесі берген дәм-тұзы қай күні таусылады, сол күні оны ешқандай күш тоқтата алмайды. Осылай бәріміз де Жаппар Иенің құзырына сапар шегеміз. Біріміздің асқар тау әкеміз, ақ сүтін беріп асыраған, өмірге қиналып әкелген, балам дегенде жүзінен мейір шуағы төгіліп тұрған анаң, оның табанына кірген тікен менің маңдайыма қадалсын деп тілеген бауыр етің балаң, құлын-тайдай тебісіп өскен бауырларың демі біткен уақытта аттанып жатады, бұл - өмір заңы. Ал, сондай қимастарың аттанғанда, жуындырғанда тәнін былғар, мәңгілік мекені, ақымның ішін ластап, істеген ісін қайырын шайыр етіп, обал жамалмасын. «Бір күн арақ ішкеннің қырық күн тілегі қабыл болмайды»,- дейді. Қимасымызды соңғы сапарға шығарып саларда осындай келеңсіздіктерден сақ болайық, ағайын.

Жаматпа маған бөгденің әкеп күнәсін,

Өзімнің ғана күнәмді менен сұрасын.

Мола қазып, арақ ішіп жүргендер,

О. Тәңірім, өздері ғана жыласын.

Жолдасбай НАЙМАНБАЕВ,

«Бәйдібек баба» мешітінің наиб имамы,

Жамбыл ауылы, Жамбыл ауданы.


http://muftyat.kz/
Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 243 | Ендірген: IslamCom_Kz | Рейтингі: 5.0/3 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010