Руханият діни танымдық сайты -
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:35


| RSS
Сайт мәзірі

Жаңалықтар бөлімі
Әлем жаңалықтары [777]
ҚМДБ жаңалықтары [131]
Ислам жаңалықтары [136]
Өзекті мәселелер [318]
Сұрақ-жауап [27]
Асыл-арна жаңалықтары [2]
Cұхбат... [12]
Денсаулық... [14]
Мәлімет... [11]
Ел жаңалықтары [754]
Уағыз-насихат бөлімі [74]

Шағын-чат

Сауалнама
Күнделікті тіршілігіңізде бейәдеп сөз қолданасыз ба?
Жауап берілді: 81

Негізгі бет » 2009 » Қыркүйек » 26 » Құран оқудың қасиеттері
+МоёМесто.ru Bookmark and Share
Құран оқудың қасиеттері
17:55
“Құран оқыңдар, өйткені, расында ахирет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді” (Муслим).
* «Құран үйренушілер мен оны үйретушілер сендердің араларыңдағы жақсыларың болып табылады» (әл-Бухари).
* «Кім Құран оқудың шебері болып, оны әдемілеп оқыса, ол абыройлы және бойұсынушы жазғыштармен бірге болады. Ал кім Құранды ежелеп оқып, сонысымен қиналатын болса, онда оған екі сауап бар» (Муслим).
* «Құран оқушы мүмин - тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді. Ал Құран оқымайтын мүмин - иісі жоқ, бірақ дәмді, құрма секілді. Құран оқитын екіжүзді - хош иісті, бірақ дәмі ащы райхан секілді. Ал Құран оқымайтын екіжүзді - иісі де жоқ, дәмі де ащы колоквин секілді» (әл-Бухари, Муслим).
* «Екі түрлі қасиеті бар адамнан басқа ешкімге қызығуға болмайды, олар: Аллаһ оған Құран білімін нәсіп етіп, оны күндіз-түні оқыған адам және Аллаһ оған байлық нәсіп етіп, ал ол оны күндіз-түні игілікке жұмсаған адам» (әл-Бухари, Муслим).
* «Кім Құраннан бір әріп оқыса оған бір жақсы амал жазылады, ал әр бір жақсы амал үшін он сауап жазылады. Мен: “Алиф, Ләм, Мим” - бір әріп деп айтпаймын. Жоқ, “Алиф” – бір әріп, “Ләм” – бір әріп және “Мим” – бір әріп» (ат-Тирмизи).
* «Ішінде Құраннан еш нәрсе болмаған кісі - қираған үй секілді» (ат-Тирмизи).

Құран жаттауға көмек берер бірнеше ақыл-кеңестер
1. Құран жаттаушының ықылас-ниеті болуы керек, яғни Құранды Аллаһтың разылығы үшін және шын жүрегімен жаттауы тиіс.
2. Құран жаттаушы тәжуидті және махражды (әріптердің шығу орындары) білуі тиіс. Құранды міндетті түрде жақсы білетін адамнан үйрену керек.
3. Дауыстап оқу адамның тез жаттап алуына көмектеседі.
4. Құран жаттауды бастамас бұрын белгілі бір аяттар тізбегін анықтап алу өзінің оң септігін тигізеді.
5. Бір күнде белгілеп алған жерден артық жаттамаған абзал. Шатастыру қаупі туады.
6. Құранның бір ғана түрін алған дұрыс.
7. Жаттап отырған сүренің қазақша мағынасын білу де – жақсы.
8. Бір сүрені жаттап жүріп, екінші бір сүрені жаттап кетпеген дұрыс.
9. Жаттаған сүрелерді үнемі қайталап, тыңдап жүрген жақсы жәрдем береді.
10. Құран жаттаушы міндетті түрде ұстазға тапсырып, тексеріліп тұрғаны қатаң ескертіледі.
11. Құранда 6000-дай аят бар, соның 2000-ы - ұқсас аяттар. Сондықтан ұқсас аяттарға мұқият көңіл бөлу қажет.
12. Құран жаттағанды адам өзінің алтын уақытын жіберіп алмауы тиіс. Адамның жадына сақтау процессі 23 жасқа дейін жақсы жүреді екен. Араб халқында мынандай мақал бар екен:
«Жастық шақта алған білім
Қашалған сөздей жартасқа.
Кәрілікте алған білім
Тұрақтамас көп баста».
Сондықтан алтын уақытты жіберіп алмайық!!!

www.al-hanifiya.kz

Категориясы: Уағыз-насихат бөлімі | Көрілді: 335 | Ендірген: salemkaz | Рейтингі: 5.0/1 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Жарнама

Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Іздеу

Жаңалықтар мұрағаты

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0


Бүгінгі зияратшылар:IslamCom_Kz, zhansaya_0691
Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: zhansaya_0691
Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 1187
Осы ай ішінде: 35
Осы апта ішінде: 16
Кеше: 2
Бүгін: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010