Ораза ұстау – Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың (саллаһу алайхи уә сәллам) хадис шәріптерінде нақты бекітілген бес парыздың бірі. Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді», делінген. Бақара сүресі
«Жеті нәрседен жақсылық күтпеңіз: ықылассыз оқылған намаздан, нашар қылықтардан тыйылып ұстамаған оразадан, селқос оқыған Құраннан, күнәларды тыймаған ғибадаттан, қайырымы жоқ байлықтан, адал емес амал достықтан, ықыласпен жасалмаған дұғадан» Хазірет Әли «Өмір бойы ораза ұстап, түндерімді ғибадатпен өткізсем де, байлығымды оңды-солды дін жолында таратсам да егер Аллаһқа бағынған құлдарды жақсы көріп, бағынбағандарын жек көрмесем, бұл істегендерімнің ешқайсысының пайдасын көре алмаймын» Абдуллаһ ибн Омар
Бұл мәселені жан-жақты түсіну үшін, алдымен «Бақара» сүресінің 154- аятын келтіреміз. Онда: «Аллаһ жолында қатл (шәһид) етілгендер (шейіт болғандар) жайлы, (оларды) өліктер (яғни өлген) демеңдер. Керісінше, олар тірі, (өлген емес. Олар Аллаһтың дәргейінде рақат пен қуанышқа бөленіп, пейіштен періштелер жеткізіп тұратын нығметтермен ырзықтанады) бірақ сендер (ол жағдайларды) сезбейсіңдер» деген үкім бар. Бұл аят "Бәдр” шайқасында шәһид болған сахабалар туралы түсірілген. Олар он төрт адам болатын. Осы аяттың үкіміне байланысты шәһидтерге тірі адамдардың қағидалары қолданылады, яғни, оларды кебіндеуден алдын жай мәйіттердің денесін жуған сияқты жумайды. Себебі, мәйітке ғұсыл жасау өлік денені пәктеу үшін қажет. Ал, шәһид болса, өлік емес, ол тірі адамның үкімінде болғандықтан, сол қалыпында өздігінен пәк. Сосын, шейіт болған адам жай мәйіт сияқты кебінделмейді. Себебі, кебін өлік денені орап қымтау үшін қажет болса, шәһидтің денесі өліктің үкіміне жатпағандықтан ол арнайы кебінді қажет етпейді. Ол қай киімде шәһид болған болса, сонымен орап (кебінделіп) жерленеді. Бұған дәлел Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Үхүд шайқасында шәһид болғандар туралы: «Оларды жумаңдар. Жарақаттарына да, қандарына да тимей өз киімдеріне ораңдар» деген хадисі. Шәһидтер туралы бұдан да басқа көптеген хадистер келген. Солардың бірінде Хасан (р.а.): «Әлбетте, шәһидтер Аллаһтың құзырында тірі. Олардың рухтарына рызықтары ертелі-кеш үздіксіз келтіріліп тұрылады. Сондай-ақ, оларға тыныштық пен шаттық үнемі серік (етілген). Оның керісінше, фирғаун мен оның нөкерлерінің рухтарына тозақ оты келіп азаптап тұрады»- деген.
Ибн аль-Кайим в своей книге «Ас-Саваик
аль-мурсала» утверждает, что у Аллаха есть голень, а кроме этого
рассуждает о том, что если Аллах в Коране говорит об одной голени, то
это не значит, что второй у него нет: «Посмотрите Аллах в Коране
сообщает нам об одной голени, которая является Его атрибутом. Но разве
это свидетельствует о том, что у него нет второй голени? Например, вам
кто-то сказал: «Я открыл свой глаз», или «Приоткрыл колено», или
«Приоткрыл голень», разве это подразумевает, что у него нет второго
такого же?» (Аль-Мусыли. «Мухтасар ас-савагик аль-мурсала ли Ибн
аль-Кайим». - Дар альгасыма, эр-Рияд – С. 31 – 32).
Пайғамбарымыз (саллаһу алайхи уә сәллам) оразаның парыз етілуіне байланысты: «Ислам мына бес нәрсеге негізделген: Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ екеніне және Мұхаммедтің Аллаһтың құлы әрі Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан айында ораза ұстау және шамасы келгендердің қажылыққа баруы», – деген. Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар, екінші жаңа туған айды көрген кезде оразаларыңды тоқтатыңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан айын отызға толықтырыңдар», – деген.
Қадір түні – бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдірет» мағынасын да қамтиды. Қадір түнінің қасиетін жұмыр басты пенде өз ақылымен біле алмайды. Сондықтан оның қадір - қасиетін Жаратушымыздың өзі «Қадір» сүресінде: «1. Біз Оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады», - деп баяндайды.
Рамазан – бүкіл нығметтердің шынайы иесі Аллаһ екенін терең ұғындырып, адам бойындағы жомарттық сезімін арттыратын берекелі ай. Осы берекелі айда жанашырлық көп жасалады, зекет те көбіне ораза айында беріледі. Ұлы Жаратушымыз Құранда: «Аллаһтың кеңшілігінен өздеріне берілген нәрселерінде сараңдық еткендер, бұны өздері үшін қайырлы деп ойламасын. Жоқ, бұл оларға жамандық әкеледі. Сараңдық еткен нәрселері қиямет күні олардың мойнына оралады. Көктер мен жердің мұрасы Аллаһтікі. Аллаһ тағала сендердің істегендеріңнен толық хабардар»,60 –деп, біздерге ескерту жасауда.
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстау және намаз оқу уақытының кестесі. (Алматы уақыты бойынша) 2010 жыл, хижра 1431 жыл. "Ей, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей тақуалыққа жетулерің үшін ораза ұстау сендерге де парыз етілді" "Бақара" сүресі.
Биыл да Жаратушының нәсіп етуімен,
аман-есендікте қасиетті Рамазан айымен қауышқалы отырмыз. Келе жатқан
мүбәрак аймен баршаңызды құттық-тай отырып, елімізге аман-дық, жерімізге
тыныштық, шаңырақтарыңызға Жарат-қанның жақсылықтары да-рысын, деп
тілеймін.
Рамазан - араб сөзі, түбірі «рамзау» - «өте ыстық» деген мағынаны
білдіреді. Ғұламалар мұны: «Рамазан айында ораза ұстаған пенденің бойына
біткен кішігірім күнә-кемшіліктері күйіп кетеді»,- деп түсіндіреді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ораза туралы өз хадистерінің бірінде:
«Кім Рамазан оразасын иман және сауап үмітімен ұстаса, оның өткен
күнәлары кешіріледі»,- дейді. Сондықтан, Рамазан айы күнәлар кешірілетін
ай деп айтуымызға негіз бар.
Тарауих – «тынығу», «дем-алу», «рахаттану» деген мағыналарды білдіреді. Ол Рамазан айына ғана тән құптан намазынан кейін оқылатын 20 рәкаттық намаздың атауы. Тарауих намазы бекітілген – сүннет. Рамазан айында тарауих намазын оқу ислам рәмізіне жатады. Пайғамбарымыз (салла- һу алайхи уә сәллам) бірнеше хадистерінде: «Кімде-кім Рама- зан намазын (тарауихты) шын көңілмен сауабын Аллаһтан күтіп оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»42, «Аллаһ рамазан айында ораза ұстауды парыз қылды. Мен сендерге рамазанның кештерінде намаз оқуды (тарауихты) сүннет қылдым.