Руханият діни танымдық сайты - Соңғы діни мақалалар
Әлі-Бекен мешіті

ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Бейсенбі, 11.03.2010, 08:45


| RSS
Сайт мәзірі

Соңғы діни мақалалар
Қазақша мақалалар [141]
Арабша мақалалар [0]
Уағыз-насихат [66]
Өзбекше мақалалар [6]
Өсиет әңгімелер [21]
Руханият [41]
Қырғызша мақалалар [3]
Ораза - Ғылымхал [0]
Орысша мақалалар [23]

Шағын-чат

Сауалнама
"Қазақ тілінің болашағы - Қазақстанның тәуелсіздігінде."
Жауап берілді: 155

Негізгі бет » Мақалалар » Мақалалар » Руханият

Категориядағы материалдар: 41
Көрсетілген материалдар: 1-15
Беттер: 1 2 3 »

Реттеу: Дате
Әкем айтқан тағы бiр әңгiме (аңыз емес, болған оқиға) есiме түсiп отыр.
Ертеректе, өткен ғасырдың 20 жылдарының басында болуы керек, бiздiң елден шыққан төрт-бес жас жiгiт сонау алыстағы Бұқарай-Шәрiп шаһарына сапар шеккен көрiнедi. Мақсаттары – сондағы ең танымал Баһауаддин Нағышпанди iлiмiн үйрететiн мектепте оқуға түспекшi екен. Бұлардың баршасы Қарнақтағы мұсылмандық медреседе дәрiс алған, әжептеуiр бiлiмдi, талапты тәлiптер­дiң санатында жүрсе керек-тi. Iштерiнде Шиелi аталатын шағын қыстақтың тумасы қыпшақ Үмбе­тәлi бар.
Руханият | Көрілді: 100 | Авторы: Оразбек Сәрсенбай | Ендірген: abdul | Уақыты: 15.02.2010 | Рейтингі: 0.0/0

Сұрақ қоюшы: Джаужанов Жумагали Саинович. Сұрақтың нөмірі: № 18933
Уважаемый,Рашид Толеутаевич! В наших учебных заведениях Караганды стало просто модно носить девушкам хеджабы. То есть одежду мусульманских женщин в исламских государствах. Если РК суверенное и светское государство, то как к этому относиться закон. И вообще в общеобразовательных бюджетных заведениях принято общее правило для внешнего вида (черный низ, белый верх). А теперь получается можно открыто пропагандировать ислам, но запрещают пропагандировать атрибуты других религий. Ведь уже был такой прецедент в общеобразовательной школе Казахстана где мальчик носит бороду и головной убор принятые у вахабитов. Казахский национальный менталитет никогда не признавал такую одежду. Поэтому страшно что наша молодежь идет по дороге сепаратистских учений которые начинают работу с молодежью именно через привитие моды на ислам в одежде, а потом и дойдет до джихада и шахидов.
Руханият | Көрілді: 270 | Авторы: Тусупбеков Рашид Толеутаевич | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 25.09.2009 | Рейтингі: 3.7/3

1-дастан
Зікіршілер мен ділмарлар

Бірде жарықтық пайғамбарымыз Мәдине мешітіне келе жатып, сол маңда жеке-дара шоғырланып отырған екі топты байқап қалыпты. Оның бірі топталып, зікір айтып, ғибадат жасап жатыпты да, екіншісі - өзара білім жарыстырып, бірінің білгенін біріне үйретіп, өзінше айтысып отырған екен. Анадай жерден осыған көз салып, көңіл тоқтатып қараған пайғамбар іштей сүйсініпті. Сол сәт ол жанындағы серіктеріне қарап: «Бұл екі топтың әрқайсысы да өздерінше қайырлы істердің қызығына бөленген екен. Әйтсе де мен ілім үйретуге жіберілген едім ғой,»- деп, білім таластырып жатқан топқа барып қосылыпты дейді.  
Руханият | Көрілді: 238 | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 13.09.2009 | Рейтингі: 5.0/1

Араб тілінде зекет - көбею, өсу, берекеттену, тазалық сияқты мағыналарды білдіреді. Ал зекеттің шариғаттағы терминдік мағынасы: Нисап (зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері) көлеміне жететін байлыққа ие болған мұсылманның байлығының белгілі бір бөлігін жылына бір рет Аллаһ Тағаланың ризалығы үшін Құранда белгіленген адамдарға иелендіруі.
Бұл ғибадаттың зекет деп аталуы - қалған байлықтың көбеюіне, берекеттенуіне әрі берушісінің күнәларынан тазаруына себеп болғандығынан.
Руханият | Көрілді: 171 | Авторы: ҚМДБ | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 30.08.2009 | Рейтингі: 0.0/0

Ораза айы пендеге сансыз иләһи сыйлықтар әкелетін мүбарак ай. Адамзат шексіз игіліктердің қадірін еске түсіре отырып, мына пәни алдамшы ләззаттардан бет бұрып, мәңгілік ләззаттарға жетуге тырысады. Әрине оразаның ең маңызды ерекшелігі және оның негізгі мақсаты құлшылық ете отырып бойындағы нәпсімен күресу, оны бақылау астына алу. Ораза – адам өмірінде күрестен тұратын «сабырлылық, еріктік, өзімшілдік т.б.» секілді жаман пиғылдардан ұзақ тұру. Сондай-ақ ол мінез-құлқымызды кәмілдікке жеткізеді және осы құлшылықтың арқасында ішіп-жеуден, шаһуатқа қызығып қараудан және т.б. бітпейтін қиял-армандарға шомылудан гөрі адамның абырой-қасиетін қорғайтын қалқан болады. Ораза ұстаған қанағатшыл болған күйде сабырлылық танытып, жақсы мінез-құлыққа тәрбиеленіп, аштықты сезіне отырып қолындағы игіліктердің қадірін еске түсіреді.
Руханият | Көрілді: 201 | Авторы: Осман Нури Топбаш | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 17.08.2009 | Рейтингі: 5.0/1

Қазіргі кезде ғайыпты болжап бал ашқыш көріпкелсымақтар көбейіп кетті. Біреулер үйінде ақ мата үстіне Құранды қойып өздерін Жаратушыдан хабар алатын елшідей сезініп сәуегейсіп жүрсе, енді біреулері көпшілік жиналатын орындарды мекен етіп, қарапайым халықты алдап нан табуда. Солардың ішінде бес уақыт намаз оқып, Аллаһтың ақ жолында жүретіндігін айтып, Ұлы Раббымыздың адамзатқа сыйлаған ұлы сыйы Құранды көрнекі құрал етіп өз мүдделеріне пайдаланып жүргендер де жоқ емес. Жаратушыға серік қосудың бірі — ғайыпты болжау. Бұл туралды Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) : «Кімде-кім сәуегейге барып, одан бірдеңе жайлы сұраса және сол естігеніне сенетін болса, оның дұғасы қырық күн бойы қабыл етілмейді», — деген (хадисті Муслим және Ахмад риуаят еткен).
Руханият | Көрілді: 305 | Авторы: Гүлфия Елемесова | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 17.08.2009 | Рейтингі: 0.0/0

Қазақ елі өз егемендігін жариялағалы халқымыздың рухани қазынасының тарихи тамырларына, олардың нәр аларлық жалпыадамдық, діни және ұлттық құндылықтарына деген қызығушылық, ынта мен талап бұрын болмаған дәрежеге көтеріліп келеді. Өркениетті елдердің қатарына қосылуды, әлеуметтік өмірді гуманизациялауды ниет тұтқан мемлекеттің мақсаты тұлғаның қадір-қасиетін көтеріп, қазақ халқының рухани мәдениетін түлетіп, одан әрі дамытуды, жеке адамның бойындағы адамгершілік, имандылық қасиеттердің қалыптасуын көздейді. Ұрпақ тәрбиесі, ұлт тағылымы үшін аянбай еңбек еткен кемеңгер жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы адамгершілік, имандылық қағидаларға толы.Тәуелсіз еліміздің тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев бұл туралы ойын былай баяндайды: 
«Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш ата заңында баянды етілген адам құқығы, әлеуметтік әділеттілік тегіне, нәсіліне, діни нанымына қарамай адамдардың теңдігі ар-ождан бостандығы тұрғысындағы принциптерімізге Мұхаң мұратының үндесіп жатқандығы анық.
Руханият | Көрілді: 460 | Авторы: Сарбала Айнұр | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 10.08.2009 | Рейтингі: 5.0/2

Алла тағала былай дейді: «Ей,Адам баласы! Кім дүниелік нәрсе үшін қайғырса, ол Аллаһтан алыстай береді. Бұл дүниеде тек қиындықтар, ал келесі дүниеде – тек қажу мен шаршау табады. Құдіретті Алла тағала оның жүрегіне ешқашан таусылмайтын уайым салады,  бітпейтін мұң,  өмір бойы ажырамайтын мұқтаждық және әрқашан мазалалап, тыным тапқызбайтын үміт салып қояды. Ей, адам баласы! Күннен күнге өмірің қысқарып барады, ал сен оны байқамайсың. Әр күні Мен саған ризық беремін, ал сен Маған мадақ айтпайсың, азға қанағат етпейсің,  көпке тоймайсың.» Хадис қудси.
Алла тағала көптеген нығметтер беріп, жер бетіне, бүткіл жаратылыстарына патша қылып бізді АДАМ етіп жаратты. Расында, біздің адам болып жаратылуымыз - ойланған жан үшін үлкен нығмет. Жерді төсеніш етіп төсеп, аспанды айқара ашып, күнге  нұрын төккізген, айға сәулесін шашқызған, суға шөлімізді қандыртып,  шөптен қорегімізді тапқызған, бүткіл жан-жануарларды бағындырып, оларға иелік ету дәрежесін берген, және ең үлкен нығмет – ақыл сыйлаған Алла тағала адамды қандай махаббатпен жаратқан!?
Руханият | Көрілді: 232 | Авторы: Айнұр САРБАЛА | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 09.08.2009 | Рейтингі: 5.0/3

Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ жасы үлкен, елге сыйлы, аузы дуалы ақсақалдарымыз «Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер» деп батаға ерекше мән беріп, рухани байлық ретінде жоғары бағалаған. Сүйінбай, Қарасай, Кенен ата, Б.Момышұлы, Жамбыл ата т.б. аталарымыздың баталарын оқығанда, сусыны қанбаған баладай, шөліркей тамсанып қаласың. Мәселен:
Не тілесең тілегің,
Қабыл болып орнасын.
Періштелер «Әумин» деп,
Жалғыз Аллаһ қолдасын.
Әумин!
 Ал қазіргі жағдай тым басқа секілді. Кімді кінәларыңды білмейсің, я заман ба, я адамдардың ниеті ма? Өз басым бүгінгі, бүкіл қарияларды кінәлаудан аулақпын, дегенмен екі сөздің басын қоса алмай, бата емес тілек айтып тұрып, ақыр аяғы «ал сол үшін ап қояйық» дегенді қыстыра кететін қариялар қайдан шықты?
Руханият | Көрілді: 257 | Авторы: Данилия Қыпшақбаева | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 07.08.2009 | Рейтингі: 4.7/3

Қазір не көп?! Той көп. «Қазақ бұрыннан тойшыл халық» дейміз де, ал кеп тойлаймыз. Қуанышты бөлісу жаман емес, әңгіме сол тойдың қалай өтетіндігінде.
Қазір әркім той дегенде ештеңесін аямайды. Осы ештеңені аямаушылық келіп ысырапшылыққа итермелейді. Түкке керексіз нәрселер, әсіресе арақ-шараптар әрбір дастарханның басынан төбе көрсетпесе тойдың сәні келмейтін сияқты. Ал шындығында тойдың сәнін құртатындар – дәл осы арақ-шарап.
Арақ-шарапқа ақшасын аямаған қай азамат болмасын, соны алуға кеткен қаржыға басқа нәрсесін алуға қимайды. Өйткені, арақ жүрген жерде ібіліс жүреді. Демек ол азаматтың санасын шайтан билеп алған.
Ысырапқорлық – үлкен күнә, әр отбасының берекесін қашыратын жаман қылық. Ол туралы Құранда: «Ысырап етпеңдер, күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» (Әнғам сүресі, 141 аят), - деген.
Сондай-ақ: «Әй, адам баласы! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (киініңдер және жеңдер, ішіңдер), тек ысырап етпеңдер!» (Әғраф сүресі, 31 аят), - деп қадап айтқан. Демек қай-қандай ысырап етушінің жолы тозақ, Алла үкіміне қарсы шыққан болып есептеледі.
Руханият | Көрілді: 148 | Авторы: Серікбол Хасан | Ендірген: NURArlan | Уақыты: 07.08.2009 | Рейтингі: 0.0/0

Өмірді ақындар, ойшылдар әртүрлі нәрсеге теңеп жатады. Біреуі тұңғиық терең теңізге, біреулері кедірі мен бұдыры көп жолға, енді біреулері аялдамаға ұқсатып, өз ойларын сонымен салыстыра өрбітеді. Расында, өмірді неге теңесек те, ол Аллаһтың адамзатқа берген сынақ уақыты екені белгілі. Өмірді уақытпен салыстырсақ дұрысырақ болар еді. Адамдардың бір сөзі бар: «уақытты өткізу». Сол «Уақытты өткізу» мен «өмірді өткізуді» салыстыратын болсақ екеуі бір нәрсе. Сонда уақыт пен өмірдің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
Ең бірінші біздің «уақытты өткізу» деп жүрген сөзіміз үлкен қате, себебі, біз уақытты өткізбейміз, уақыт бізді өткізеді. Уақыт ол – көлік сияқты. Көлікке мінген адам өзінің аялдамасына жеткенде түсіп қалады, яғни, әр адамға берілген өмір ол екі аялдаманың ортасындай ғана. Ол көлікке Адам пайғамбардан бері қарай қаншама тіршілік мініп, өз аялдамасына келгенде түсіп қалып жатыр, біз де Аллаһтың белгілеген аялдамасын тосудамыз.  Біреуге ол аялдама жақын, ал біреуге алысырақ. Бұл жолсапар қияметке дейін жалғасады.
Руханият | Көрілді: 165 | Авторы: А. САРБАЛА | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 07.08.2009 | Рейтингі: 0.0/0

«Әй адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім және сәндік бұйым түсірдік. Негізінде тақуалық киімі жақсы» (Құран 7-26 аят)

Жан-жағыма қарасам: жер ана жасыл төсенішін жамылып, ал қызыл гүлдерімен сәнденіп, ерекше құлпырып кетіпті. Жүректі мейірім шуағына бөлеп, көңілдің түбіндегі әсемдікке, тазалыққа деген сезімді оятады. Әсіресе, Алматының көшелеріне көрпе боп төселген түсінен көз тұнған  гүлдерге қарасаң, жер бетіне ерекше көрік беріп тұрғанын байқайсың. Есіңе қазақтың: «Гүл өссе жердің көркі, Қыз өссе елдің көркі», - деген мақалы түседі. Бабаларымыз қызды гүлге теңеп, әдеміліктің, әсемдіктің символы санаған. Жапырағымен етегін жауып, түрлі-түсті қауыздарының астына бал шырынын жасырған гүл жан-жағына мейірім мен әсемдікті, тазалықты таратып тұрғандай.
Ал адамдар арасына шыға қалсаң, елдің көркі болар қыздарымыз, елдің ұятына айналып кеткендей. Жаз шыға табиғат жасыл жамылғысын жамыла бастаса, біздің аруларымыз үстеріндегі «әурет жабарларын» тастай бастайды.
Руханият | Көрілді: 761 | Авторы: Айнұр Шаймерденқызы | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 07.08.2009 | Рейтингі: 4.3/6

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!
Мұсылмандардың көбісі, білімді кімнен және қалай алу керек екенін білмейді. Ислами университетін бітірген және араб тілін жетік менгерген, немесе мешіттің имамы болып табылатын адамдардың кез-келгеніне дінімізді тапсырып, олардан білім алуымыз дұрыс болмайды. Әсіресе, газет, касета, интернет-сайт, кітаптардың кез-келгені діни білім алынатын сенімді әрі дұрыс қайнар бола бермейді. Білімді, тек қана үлкен ғалымдар одан білім алуға болады деген адамдардан және сенімді қайнарлардан ізденуіміз керек. Жәбрейіл періште пайғамбарымызға (саллаллоһу әлейһи уә сәлләм) және оның сахабаларына келіп, ислам, иман, ихсан туралы сұрақтар қойып кеткенде, пайғамбарымыз (саллаллоһу әлейһи уә сәлләм) Омардан: «Әй, Омар бұл сұрақтарды қойған кім екенін білесің бе?», деп сұрайды. Сонда ол: «Аллаһ және Оның елшісі (саллаллоһу әлейһи уә сәлләм) жақсырақ біледі» деп жауап береді. Сонда Аллаһтың елшісі (саллаллоһу әлейһи уә сәлләм) оған: «Шын мәнінде, бұл - Жәбрейіл, сендерге діндеріңді үйрету үшін келді» деді. (Муслим).
Руханият | Көрілді: 225 | Авторы: Анаралиев Данияр. | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 06.08.2009 | Рейтингі: 0.0/0

Сол тамұқ түнді қарғыс атсын!
…Ардақты ақындарының мүрдесін көтерісіп, жұмыла жұрт болып ақырғы, ақтық сапарының өзіне жария түрде шығарып сала алмай, от басында омалған барша жақындары мен жұрағаты осылай деп көз жастарын бұлады. Сол күнгі Қармақшы түні де бәз әдетінен айнып, біртүрлі жосаланып тұрды…
Фәнидегі «бес күндік» тіршілігінің өзі адам айтса нанғысыз, әрі баянсыз болғаны былай тұрсын, ақырының да тап осылай қасірет қадасына байланатынын ол жалғанды жалпағынан басып жүрген кезінде білген жоқ. Білсе рахатынан гөрі жан азабы басым осы бейопа байтақты таңдап, таптаурын етпес еді. Алдашбай ахуннан сауат ашқан жас шәкірттің тайқазандай тасыған талантын танып, өзі білім алған Бұхара шаһарына барып діни сауатын жетілдіріп, дүнияуи пайымын ұштауға кеңес берген Қалжан ахун жас Тұрмағамбеттің өзгеден озық екенін бірден байқаған. Сөз сүлейі жетіле келе ой кемесінің желкенін тартып, кезбеген жеті ықылымның түкпірі мен жалғаншының жықпылы қалмаған екен.
Руханият | Көрілді: 164 | Авторы: Берік ЖҮСІПОВ. | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 04.08.2009 | Рейтингі: 0.0/0

Тұтқынға түскен орыс солдаттарына ұлы имам қалай қарады?

Шәмiл тұтқындағы орыс солдаттарына бiрыңғай жақсы немесе жаман қарады деп кесiп айту қиын. Имам алдымен қолға түскендердiң өзiне қандай пайда әкелетiнiне үлкен мән беретiн. Оларды орыстардың тұтқынындағы өз сарбаздарымен алмастыруға және шаруашылық жұмыстарын жүргiзуге пайдаланды. Шәмiл әсiресе, патша әскерiнен қашып келгендердi құшақ жая қарсы алды. 1840 жылы ол өзiнiң наибтарына былай деп жазады: “Орыстардан қашып келгендер бiзге адал адамдар болып табылады. Сондықтан сiздерден тұтқындарға жақсы қарап, олардың өмiр сүруiне жағдай жасауды бұйырамын”. 19 ғасырдың ортасында Патша үкiметi мен әскербасылардың қатал саясатынан қашып, таулықтарды паналаған орыс солдаттары өте көп болды. Әсiресе Шәмiл жеңiске жете бастаған кезде қашқындар легi тым көбейiп кетедi.

Руханият | Көрілді: 109 | Авторы: Жолымбет МӘКIШЕВ, | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 01.08.2009 | Рейтингі: 5.0/1

1-15 16-30 31-41
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

ЖАРНАМА

Іздеу

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 4
Қонақтар: 4
Қолданушылар: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010