| Сайт мәзірі | |
|  |
| Каталог категориясы | |  |
| Шағын-чат | |
|  |
| Сауалнама | |  |
|
ИМАМҒА АРНАУ
ИМАМҒА АРНАУ
Бауырым, құтты болсын шен-шекпенің,
Бойынды биіктерден көрсеткенің.
Өзіңді буырқанған билікпенен,
Бұқара арасына елші еткенің.
Тілеймін несібеңнің мол болғанын,
Жаһанның бәрі даңғыл жол болғанын.
Жасасын сен көтерген бастамалар,
Асасын бір мешіттің қолға алғаның.
Иманмен таразылап әр ісіңді,
Ұмытпай мұсылмандық борышыңды,
Жолы ұзын, тоны жыртық бауырларға
Бере біл қажет кезде қол ұшыңды.
Болған соң бір ауылдың бас имамы,
Көңілің көк теңіздей тасиды әлі.
Жарады жарға соқпай баскара алсаң,
Нәпсі деген рульсіз машинаны.
Кірпіш болып қалансаң кетігіне,
Есігін ашар саған екі дүние.
Биліктің арбаңдаған арбасының,
Айналып кетпе жәй бір тетігіне.
Көрсетер ішіндегі кім аласын,
Аз болмас саған, бауырым. сірә да сын.
Билігің қанша биік болған сайын,
Соншалық ақыретте сұраласын.
Мансаптың құлы болсаң - былғанарсың,
Абайлап алды-артыңды мың қарарсың.
Саясаттың ұстансаң сайқалдығын,
Саясынан Алланың құр қаларсың.
Іске сәт, бел буылып, жең түрілген.
Ел ығар енді, әрине, ентігіңнен.
Әсте есіңнен шығарма - Имам ағзам,
Бұл мансаптан бас тартып өлтірілген.
Қалтарысы көбірек ауылға кеп,
Арам аспен жұқтырып жаман әдет,
Қызыл-жасыл Ібіліс торларынан,
Мен қорқамын өте алмай қала ма деп.
Құрмет пен қошеметке бөленген күн,
Қанағат табар екен неден көңілің?
Жүрерсің арасында алшаң басып,
«Құдайдан былай емен!» дегендердің.
Мүшірік пен дінсізге тарқап өкпең,
Маңыңдағы маңғаздар «мархабат!» дер,
Киерсін қымбат киім сәніменен,
Мінерсің тәуір көлік салтанатпен.
Сенген соң Ақыреттің хақтығына,
Тура жол Пайғамбардан бопты мұра.
Әкімдерге ұнайтыи пәтуәнің,
Айналып кетіп жүрме авторына.
Атжалмандар ізіңді иректетер.
Иің жұмсак боп шықсаң, илеп кетер.
Сен оларды дініңе тарта алмасаң,
Олар сені ініне сүйреп кетер.
Алдында шонжарлардың тік тұрарсың,
Бойыңдағы иманды бұқтырарсың.
Жемін жеп алтындатқан аттақырдың,
Жұқалық, жұқсыздықты жұқтырарсың.
Алла үшін желбіреп желде байрақ,
Көрсеткенің келісер ерге қайрат.
Сынабы көп еденде сырғанарсың,
Қынабы жоқ қылышты белге байлап.
Бауырына тартып жақын бай-батшалар,
Көңілің солар десе жайдак шабар.
Дін үшін шырылдаған бауырларға,
Шайтандар бір күн сені айдап салар.
Бәлкім сен бауырлардан бұрыларсың,
Еріксіз екі сөйлеп, құбыларсың.
Адамдар ырзалығын аламын деп,
Алланың ашуына ұрынарсың.
Шайтан айтса: «шыркап қал, ұш, деп, калқып!»
Білім жинай алмассың үстеп те артық.
Сонан соң кәрі айғырдай кәрленерсің,
Озған аттың құйрығын тістеп тартып.
Имамдык емес мансап, шаттық ерек,
Есепте әр дәмді ас, тәттірек ет.
Пайғамбар мінберінің мүрагері
Болған соң, тақуалық қатты керек!
Біл бірақ бағытымыз бір екенін.
Белгілі ізеті мол іні екенің.
Алладан сені қорғап, қолдасын деп,
Екі рәкәт намазбен дұға етемін.
| | Категориясы: Руханият | Ендірген: IslamCom_Kz (04.02.2009)
| Авторы: Белгісіз
| | Көрілді: 156
| Рейтингі: 0.0/0 | |
|
|
| Кіру/тіркелу | |
|  |
| ЖАРНАМА | |
|  |
| Іздеу | |  |
| Діни сайттар | |  |
| Санақ | 
Сайт зияратшылары: 7 Қонақтар: 6 Қолданушылар: 1 Мұсылман |  |
|