| Сайт мәзірі | |
|  |
| Мақалалар категориясы | |  |
| Шағын-чат | |
|  |
| Сауалнама | |  |
|
Бөлімдегі материалдар: 14 Көрсетілген материалдар: 1-10 | Беттер: 1 2 » |
|
Шариғатта қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінбейді. Жаза және қылмыстың түсініктері, қылмыстық жауаптылық, қылмыстарды қайталау сияқты сұрақтар арнайы түрде қарастырылмаған. Ал қылмыскерді жасырып отырған немесе қылмыс іздерін жасырған адамдар қылмысқа қатысушылар ретінде ескерілмеген. Шариғат бойынша қылмыстар 3 түрге бөлінеді: 1) құранда жаза мөлшерлері көрсетілген іс-әрекеттер (хадд); 2) жеке адамға қарсы қылмыстар (джинаят); 3) соттың шешімі бойынша жаза ретінде түзеу қолданылатын іс-әрекеттер (таъзир) [1, 83 б.].
|
Абай атындағы ҚазҰПУ қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к. Н.Б. Калкаева Ата заңымыз өз қуатына еніп, одан бөлініп шыққан Қылмыстық заң белгілі бір құрастырылған ережелерге негізделген, заң атқарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Ал, шариғаттың қылмыстық құқықтық нормалары бастау ретінде қалыптаса отырып, төрт қайнар көзге негізделген. Шариғаттың қылмыстық-құқықтық нормалары құран, сүннет, иджма және қияс сияқты негізгі төрт қайнар көздерге ие. Қылмыс пен жазаның қылмыстық-құқықтық түсінігі дінді ұғыну немесе сезінуден туындаған ұғым болып танылады. Олай болса, шариғатта тыйым салынған әрекеттің барлығы да қылмыстың қатарына жатқызылған. Жасалған қылмыстың қауіптілігі "Аллаһ” алдында күнә деп танылып, келтірілген зиянның мөлшерімен байланысты болды.
|
|
|
| Кіру/тіркелу | |
|  |
| Іздеу | |  |
| Діни сайттар | |  |
| Санақ | 
Сайт зияратшылары: 1 Қонақтар: 1 Қолданушылар: 0 |  |
|