Бес парыз - Соңғы діни мақалалар - Руханият діни танымдық сайты
Әлі-Бекен мешіті
ҚМДБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  | ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ИСЛАМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ  |   ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  |   УАҒЫЗ НАСИХАТ БӨЛІМІ

ДІНИ МАҚАЛАЛАР  |   БЕС ПАРЫЗ  |   ASYL-ARNA TV


Бүгін Жексенбі, 01.08.2010, 06:35
| RSS
Сайт мәзірі

Мақалалар категориясы
Қажылық [17]
Намаз [14]
Зекет [7]
Иман [3]
Ораза [12]

Шағын-чат

Сауалнама
Сіз бес уақыт намаз оқисыз ба?
Жауап берілді: 292

Негізгі бет » Мақалалар » Бес парыз

Bookmark and Share
Бөлімдегі материалдар: 53
Көрсетілген материалдар: 1-10
Беттер: 1 2 3 4 5 6 »

«Қажылық» дегенде есiмiзге қасиеттi Қағба, Мекке, Мәдина келедi. Сауд Арабиясы Корольдiгi мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың осы елге 1994 жылғы ресми сапарынан басталғаны бәрiмiзге мәлiм. Мiне, содан берi көптеген адам Меккеге барып, қажылық парыздарын өтеп келуде. Солардың iшiнде осы жолдардың авторына да Аллаһ нәсiп етiп қажылық парызын өтеп қайтты.
Үш жыл бұрын он адам Қағбаны айналып, Сафа Мәруаға жүгiрiп, Минаға түнеп, Арафатта отырып, шайтандарға тас атып, құрбан шалып, қажылық парызымызды орындап, Аллаһтың берген игiлiгiн көрiп қайттық. Ал 2007 жылы Аллаһ нәсiп етiп Исламдағы үшiншi қасиеттi орын «Әл-Акса» мешiтiне зиярат еттiк.
Мекке мен Мәдинаның тарихын бiлу ғана емес, Аллаһтың үйiне, Мұхаммедтiң жүрген жерлерiне тәуеп етудi ниет еттiк.
Қажылық | Көрілді: 221 | Авторы: Әсия акпар-қажы | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 01.12.2009 | Рейтингі: 5.0/1

Құрбан айттарыңыз мүбарак болсын!

Айт намазының оқылу тәртібі.

     "Ниет еттім екі рәкәт құрбан айт намазын нағыз Алла үшін өтеуге, жүзімді құбыла тарапына қараттым. Ұйыдым осы имамға холисан лилләһи тағала Аллаһу әкбар!”- деп.
Ниет және тәкбірмен имаммен бірге құлақ қағылып, қол байланып, сүбханака оқылғаннан кейін имам да, жамағат та үш рет тәкбір айтып, екі қолды түсіріп, қайта құлақтың тұсына дейін көтеріп барып, қайта қол байлайды.
Намаз | Көрілді: 262 | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 27.11.2009 | Рейтингі: 5.0/2

Аса Қамқор , ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын .
Барша мақтау бүкіл əлемдердің Раббысы болған жалғыз ғана Аллаһ Тағалаға тəн . Жəне Оның игілігі мен сəлемі құрметті пайғамбар Мұхаммедке болсын . Аллаһ Тағаланың мейірімі барлық іс -амалдарында Құранды өздеріне басшылыққа алушылар мен Оның бүкіл əлемге рахмет ретінде жіберген соңғы пайғамбарының жолынан бекем ұстаушыларға жаусын .
Құдіретті Құдайдың қасиетті еткен қаласына қадам басып келген ата -ана ,аға -іні ,əпке -қарындастарымыз Аллаһ Тағала миллиондаған адамдардың ішінен Өзінің үйіне зиярат етуді тағдырларыңызға жазуы түсінгендер үшін үлкен нығмет .

Қажылық | Көрілді: 236 | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 20.11.2009 | Рейтингі: 0.0/0

Құрбан (араб тілінде) – «жақындау, Аллаһқа жақындауға себеб болған нәрсе» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «Ғибадат ниетімен белгілі шарттары бар малды бауыздау» деген. Құрбан айт күндерінде (алғашқы үш күнінде) Аллаһ Тағаланың ризашылығын алу ниетімен шалынатын құрбанға «удһийе» делінеді.
Құрбан шалудың пайдалары
а) Аллаһ Тағаланың әмірлерін қалтқысыз орындау пендені Жаратушының ризашылығына бөлеп, ақыретте сый-сыяпатқа кеңелтеді. Құрбан шалу да – Аллаһ Тағаланың арнайы бұйрығы. Сол себепті бұл бұйрықты шын ықыласпен атқарушы Раббысының ризашылығын алып, ақыретте жүзі жарқын болады, мол сауап иеленеді. Пайғамбарымыз хадисінде бұл ақиқатты былай деп түсіндіреді:

Қажылық | Көрілді: 294 | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 16.11.2009 | Рейтингі: 5.0/3

Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим
«Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзина ән’амта ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһим уәладдааал-лиин»
Намаз | Көрілді: 792 | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 04.11.2009 | Рейтингі: 4.8/4

Қазіргі таңда www.asylarna.kz сайты ислам дінінің асыл құндылықтарын насихаттайтын үлкен видеопорталға айналып келеді. Күнделікті жаңартылып отыратын бұл сайт ALMA-TV кабельдік жүйесі арқылы эфирге тарап жатқан «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының ғаламтордағы ресми видеосайты болып табылады. Сайтымыздың күнделікті зияратшылары пайда болды. Діни бағыттағы видеоөнімдерді интернет бетінен көріп тамашалаған зияратшылар тарапынан алғыстар мен ұсыныстар көптеп ағылуда. Сонымен қатар, сайтымыз Қазақстанда ана тіліміздің дамуына да өз үлесін қосуда. "Асыл арна" телеканалында қазақ және орыс тілдерінде көрсетіліп жатқан барлық видеоларды осы Сайттан көрулеріңізге болады.
Қажылық | Көрілді: 211 | Авторы: Асыл арна | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 28.09.2009 | Рейтингі: 0.0/0

Алла тағала Құран Кәрімде: «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Сондай-ақ (Алланың құзы-рына), иілушілермен бірге иіліңдер» ("Бақара" сүресі, 43-аят),- деп бұйырады.
  Аятта әмір етілгендей, Алла тағала шамасы жететін зекет нысабына саны жетерлік мал дүниесі бар әрбір иман келтірген мұсылмандарға зекет беру парыз екендігін баян етеді.Алла тағала осы дүниеге адам баласын бекерден бекер жаратып қойған жоқ.  
Зекет | Көрілді: 297 | Авторы: Доскелді қажы Қожатай Ұлы, | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 23.09.2009 | Рейтингі: 5.0/1

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен.
Аллаһ Тағала Мұхаммедтің үмметіне ораза тұтуды: «Әй мүміндер! Ораза бұрынғыларға парыз қылынғандай, сендерге де парыз қылынды. Мүмкін тақуалық етерсіңдер» - деп бұйырды. (Бақара 2:183)
Аса Дана, Құдіретті Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына бір мәселені бұйырғанда немесе парыз еткенде, әдетте оның хикметін баяндамай-ақ, тек бұйырып қана қоятын. Өйткені Аллаһ Тағала Өзінің құлдарына жүктеген бұйырықтарының жалпы хикметі – оларды сынап, Оған бой ұсынатындар мен бой ұсынбайтындарды ажырату болатын. Алайда бұл аятта Аллаһ Тағала ардақты Құранда кездесе бермейтін бір нәрсені айтады, дәлірек айтсақ, оразаны не үшін бұйырғанының себебін баяндайды. Оны: «Мүмкін тақуалық етерсіңдер», – деп айтады.
Ораза | Көрілді: 213 | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 14.09.2009 | Рейтингі: 0.0/0

Рамазан айының соңғы он күннiң қасиеттiлiгi

"كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهِ عليه وسلم إِذَا دَخَلَ الْعَشْرُ أَحْيَا اللَّيْلَ، وَأَيْقَظَ أَهْلَهُ، وَشَدَّ الْمُؤْزَرَ"
“Рамазан айының соңғы он күндiгi кiргенде Расулуллаһ (с.ғ.с.) түнi бойы намаз оқитын, отбасын оятып, құлшылыққа ерекше ыждағаттылық бiлдiретiн.”
Хадистi Айша анамыздан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.
"عن عائشة رَضِيَ اللَّهُ عَنها قالت: كَانَ رَسُول اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم يُجَاوِرُ فِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ وَيَقُولُ: "تَحَرَّوْا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ"
“Расулуллаһ (с.ғ.с.) Рамазанның соңғы он күндiгiнде мешiтте өткiзiп: “Қадыр түнiн Рамазан айының соңғы он күндiгiнен iздеңдер”, – деп айтатын.”
Хадистi Айша анамыздан (р.л.ғ.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят еттi.
"كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم يَجْتَهِدُ فِي رَمَضَانَ مَا لاَ يَجْتَهِدُ فِي غَيْرِهِ، وَفِي الْعَشْرِ الأَوَاخِرِ مِنْهُ مَا لاَ يَجْتَهِدُ فِي غَيْرِهِ"
“Расулуллаһ (с.ғ.с.) айлардың iшiнде Рамазан айында, әрi Рамазан айының соңғы он күндiгiнде құлшылыққа ерекше ыждағаттылық бiлдiретiн.”
Хадистi Айша анамыздан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

Ораза | Көрілді: 237 | Авторы: Сахих Хадистер | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 12.09.2009 | Рейтингі: 5.0/1

«Иътикаф» сөзі араптың "الاعتكاف" сөзінен алынған. Оның тілдік мағынасы: бір орында біраз уақыт болу және бір нәрсеге берілу.
Шариғаттағы мағынасы: парыз намазы жамағатпен оқылатын мешітте ораза ұстап, құлшылыққа берілу үшін, бірнеше күн мешітте болу.
Иътикафтің үкімі:
1 - Рамазан айының соңғы он күндерінде жасалатын иътикафтің үкімі сүннет. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:
(أن النبي صلى اللّه عليه وسلم كان يعتكف العشر الأواخر من رمضان حتى توفاه اللّه عز وجل)
«Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) Мәдинаға келгеннен көз жұмғанға дейін рамазанның соңғы он күндерінде иътикаф жасайтын..» .
Ораза | Көрілді: 199 | Ендірген: IslamCom_Kz | Уақыты: 31.08.2009 | Рейтингі: 5.0/1

Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

Іздеу

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2008-2010