Ана, намаз – жәннат тұрағы - Өсиет әңгімелер <!--%IFTH1%0%-->- Мақалалар<!--%IFEN1%0%--> - Соңғы діни мақалалар - Руханият діни танымдық сайты
Әлі-Бекен мешітіЖексенбі, 01.08.2010, 07:00
| RSS
Сайт мәзірі

Каталог категориясы
Қазақша мақалалар [148]
Арабша мақалалар [0]
Уағыз-насихат [77]
Өзбекше мақалалар [6]
Өсиет әңгімелер [23]
Руханият [43]
Қырғызша мақалалар [4]
Ораза - Ғылымхал [0]
Орысша мақалалар [23]
Иман журналы [3]

Шағын-чат

Сауалнама
Сіз бес уақыт намаз оқисыз ба?
Жауап берілді: 292

Негізгі бет » Мақалалар » Мақалалар » Өсиет әңгімелер

Ана, намаз – жәннат тұрағы
Ренжіп қалсам, бір иіскеп райымнан қайтарып алатын, еркелесем елжіреп, ес білсем де еміреніп еңсемді көтеретін, осынау сәттік дүниеде мен сүйетін бір адам бар. Ол – бір қолымен бесікті, екінші қолымен дүниені тербеткен – ақ тілекті Анам!
Анамның бүкіл болмысы менің жұдырықтай жүрегімде жатыр. Ал анашымның жүрегінде менің бүкіл өмірім жатыр. Анамның арманы – менің мәңгілік бақытты болуым, ал менің арманым – анамның Жәннатта жақұтта болуы. Мен анама қасиетті Қағбаны сүйгізгім келеді, иманыммен Пейіште басына тәж кигізгім келеді! Анамның разылығын алу мен үшін парыз, анамды бақытты ету мен үшін міндет, анамды ренжіту мен үшін үлкен күнә! Аллаһ Тағала Құранда ата-анаға «Туһ!» деп те кейіс білдіруге болмайтынын айтады. Ал Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Перзент ата-анасының қарызынан құтыла алмайды» дейді және тоғыз түрлі нәрсені өсиет етеді: «Денең бөл-шектеліп кесілсең де, отқа салынып күйсең де, Аллаһқа еш нәрсені серік қосушы болма! Парыз намаздарды әдейі оқымай қойма! Кім де кім намаз оқуды әдейі тәрк етсе, Аллаһ Тағаланың қамқорлығынан айырылады. Арақ-шарапты ішуші болма! Себебі ол – бүкіл жамандық атаулының кілті. Ата-анаңа мойынсұн! Жаныңды бер деп талап етсе, жаныңды бер. Егер сен өзіңді күмәнсіз билікке лайық көрсең де, олармен таласушы, дауласушы болма! Жауға қарсы шыққан уақытта өліп кетсең де және (жаныңдағылар) достарың қашып кетсе де, сен қашушы болма! Күш-жігеріңді отбасың үшін жұмса. Бала-шағаңды әдепке шақырудан тыйылма, оларды Аллаһ Тағаланың (азабымен) қорқыт» әл-Бұхари «Жеке тұлғаның әдептері».
Иә, Алланың разылығы – Анаңның разылығында, Аллаһтың ашуы – Анаңның ашуында.
Анамның махаббаты болмаса, көңілім толмақ емес және анасы разы болмайынша ешкімнің басына бақыт қонбақ емес!
Анашым, бірде маған ақ тілектер ақтарылған қойын дәптерімнің алғашқы парағына:
«Аяулы да, сүйікті ботақаным!
Көзімнің ағы да, қарашығы да бір өзіңсің, жаным! Ботақаным, жүрегің жараланбай, ауырмай жүрсең болғаны, соның өзі мен үшін үлкен бақыт. Алланың өзіңді иманды етіп, өсек-өтірікті серік қылмағаныңа мың да бір шүкіршілік етемін! Қызым, гүлім! Сенің табаныңа батқан шөңге, менің маңдайыма бататынын білерсің!.. Аллам сенің еш жаманшылығыңды көрсетпей, әрдайым жақсы істеріңді жазсын деймін.
Ботақаным, алау гүлім, ерке қызым менің! Ботаның көзіндей мөлдіреген жанарыңнан айналдым. Шаттығыңды, өкпе-назыңды, еркелігіңді бір жалт етіп қараған көз қарасыңмен жеткізгеніңнің өзі мен үшін үлкен қуаныш!
Таудан жарып шыққан бұлақтай болған мөлдірім! «Адам» – деген ұлы атқа ие бол! Қазақ елін сыйла, елің сені сыйласын!» – деп, аяулы жүрегіңізбен тілектің асылын арнаған едіңіз. Есепсіз нығметіне бөлеп, кеңшілігімен жарылқаушы Аллаһ Тағала, анашым, сіздің де тілегіңізді жауапсыз қалдырмайтыны шүбәсіз. Ана мен баланың арасына осындай кіршіксіз махаббат орнатқан мейірімділердің ең мейірімдісі Аллаһқа сансыз шүкір!
Анашым, сіз білсеңіз ғой, менің сізді қалай жақсы көретінімді. Мен сізге тек қана сарқылмас бақыт тілеймін. Иә, сарқылмас бақыт! Бұл тілегімді жете түсініңіз анашым; жалған дүниенің жылт етер, сарсаңға түскен сапасыз бақытын емес, мәңгілік ләззаттың бастауы, екі дүниенің де игілігі, жәннаты болған Иман бақытын, намаз бен құлшылық бақытын тілеймін. Ал бұларсыз бақытты болам деу бос сөз. Ғұлама Абай айтқандай, адам баласының имансыз бақытқа жетуі мүмкін бе? Расында, өзін жоқтан бар ғып «ардақты етіп жаратқан», «жер жүзіндегі барлық нәрселерді сол адам баласының игілігі үшін пайда қылған», «әрі Өзінен сұраған нәрселердің бәрін берген» Жаратушысын ойлап, Оған иман келтірмеген адам, өмірдің мәнін қайдан түсінсін, ал өмір мәнін түсінбеген жанға бақыт қайдан қонсын?
Ал намаз – жүректің бейбітшілігі, көздің нұры, берекенің бұлағы, жәннаттың тұрағы! Неге көп адамдар өз өмірлерін түнекке айналдырып, түкке тұрғысыз етеді? Не себептен олар өз іздегендерін таппайды? Өйткені олардың намазы жоқ. Олар намаздың міндетті парыз екендігін ұқпағандар, ең үлкен құлшылық, ең ұлы бақыт екендігін түсінбегендер, Аллаһтың разылығына жету жолындағы ең бір нұрлы нығметті сезінбегендер. Сол себептен олардың екі дүниесі де дүрбелең, мағынасыз.
Шіркін, барлық адамзат, ең болмаса, шын ықыласпен оқылған намаздағы бір ғана сәжденің бақытын сезсе ғой! Аллаһ Тағаланың тек Өзі үшін құлшылық еткен құлына ғана беретін ол рахатты, тек мейірімді Аллаһтың тарапынан берілетін ол ләззатты, әрине, ешқандай дәнекерсіз, ешқандай пердесіз, риясыз Раббысымен сырласқан, ғибадат үстіндегі адам ғана сезінбек. Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Құлдың Раббысына ең жақын болатын кезі – сәждеге барған кезі. Енді сәждеде көп дұға етіңдер» – дейді. Сондай-ақ бес уақыт намаз – үйіңіздің алдында ағып жатқан өзен секілді. Ол өзенге күніне бес рет жуынған адамның кірі қалмайтыны секілді, бес уақыт намаз оқығанның да кішігірім күнәларына дейін кешірілетінін айтады.
«Әл-Анкәбут» сүресінің, 45-ші аятында, Аллаһ Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Кітаптан саған уахи етілгенді оқы да, намазды толық орында. Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине, Аллаһты еске алу (намаз оқу) ең үлкен ғибадат. Сондай-ақ Аллаһ Тағала не жасағандарыңды біледі» – дейді. Аллаһ Тағала құр бекер «намазды толық орындаңдар!» деп бұйырмаған. Намаз – нығметті амал. Намаз – ақыл-парасат тұрғысында ләззаттанудың негізі, ал бұл – кемелдену, игілікке жету жолындағы адам баласы сезінетін ләззаттардың ең шырыны болса керек.
Кемшіліксіз оқылған намаз – Аллаһ Тағала әмір еткен ғибадаттар ішіндегі ең абзалы, ең ұлысы. Дененің қуаты. Ризықтың берекеті. Дұғаның қабыл болуына себепші. Қабірде жарық. Мүңкір-Нәкірге берілер жауап. Тозақ отынан қалқан. Сират көпірінен найзағай секілді өтуіңе жәрдемші. Жәннаттың кілті. Аллаһ Тағаланың иманды құлдарына берген ең ұлы сыйлығы. Егер намаздан өзге бір ғибадат болғанда, Аллаһ алдымен иманды құлдарына соны білдірер еді. Күллі періште атаулының кейбірі қиямда, кейбірі рукуғте, кейбірі ташаһудте. Бұның барлығын намазға сыйдырып, мұсылмандарға сыйға тартты. Намаз – Діннің тірегі. Момынның миғражы...
Анашым, қиямет күні ең бірінші сұралатын амал – намаз. Пайғамбарымыз, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Қиямет күні пенденің амалдарының, ең алдымен, есепке тартылатыны – оның намазы. Егер оның намазы дұрыс болса, онда оның құтылып, игілікке қол жеткізгені. Ал егер намазы дұрыс болмаса, онда ол қасіретке ұшырап, қайғыға душар болғаны» – дейді. Егер намазы дұрыс болмағанның жағдайы осындай болса, онда мүлде намаз оқымағанның жағдайы қандай болмақ? Тіпті ойлауға қорқынышты. Намаздан келер бақытты біз дүниені қанша айналсақ таппаймыз.
Анашым, мен сіздің жәннаттағы да аяулы анам болғаныңызды қалаймын! Мейірімді Аллаһтан соны тілеймін!
Айша Абдуалим
Категориясы: Өсиет әңгімелер | Ендірген: IslamCom_Kz (18.02.2010) | Авторы: Айша Абдуалим
Көрілді: 470 | Рейтингі: 5.0/3 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

ЖАРНАМА

Іздеу

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010