Исламдағы әйелдің орны мен рөлі туралы терең
зерттелген шығармалармен көпшілік жете таныс болмағандықтан, Ислам
мәдениетінде әйел адамның құқығы тым шектеулі деген түсінік
қалыптасқан. Мұндай түсініктің орын алуына қазіргі батыс елдерінің
исламды жаппай қаралау үрдісінің тигізген әсері де орасан. Жалпы, Ислам
дінінде әйелзатына үлкен мәртебе берілген.
Исламға дейінгі кезеңде арабтарда әйелдің құқығы тым төмен еді. Әсіресе,
арабтар қыз балаларды тірідей жерге көметін. Өлтіруге қимағандары
қыздарын ұлдарша киіндіріп, жұрттан жасырып ұстаған. Бұлайша әйел
мәртебесін тым төмендету себебі, қыздар өскенде жезөкшелік жасап,
«абыройымызға дақ түсіреді» деп ойлайтын.
Әнәс ибн Мәлікке (р.а.) жасаған дұғасы:
Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) ол үшін: «Ей, Аллаһ! Оның малын, жанын көбейтіп,
берген нәрсеңнің берекесін бер! (Өмірін ұзақ етіп, күнәсін кешір!)» -
деп тілек тілеген-ді. Кейінірек Әнәстің өзі: «Аллаһтың атымен ант
етемін! Менің мал-мүлкім де көп. Ал бүгінде балаларым мен немерелерімнің
саны жүзге жетеді. (қызымның айтуынша менің ұрпақтарымнан Басра
қажыларының арасында жүз жиырмадан астамы жерленген екен). Ұзақ өмір
сүрдім. Тіпті, адамдардан ұялатын болдым, Аллаһтан кешірім сұраймын», -
деген.
Әнәстің (р.а.) жылына екі рет жеміс беретін бағы бар болатын. Оның ішінде керемет хош иісті райхан гүлдері өсетін.
Он-он бес құрсаққа дейін көтеріп, он шақты
баланы дүниеге әкеліп, салт-дәстүрден ажырамай, ұрпағына тектік қасиетті
сіңіріп өсірген әжелеріміздің бүгінгі келіндері жайлы ауыз толтырып
айта аламыз ба? Бүгінгі қазақ әйелдерінің өмірге бір-екі бала ғана
әкелуінің себебі неде? «Балалы үй - базар» дейтін ата-бабамыздың бүгінгі
ұрпағы көпбалалы болудан неге қашады? Айдарымыздың тұрақты қонағы -
Жазушы Зейнеп Ахметова апамыздың бұған қатысты ой толғамдарына кезек
берелік:
Құдайға шүкір, бүгінде 4-5 баланы дүниеге әкеп жатқан келіндер баршылық.
Бір кездері қазақ отбасыларының, әсіресе қалалық қазақтардың «бір бала -
аз, үш бала көптік етеді, екі бала жетеді» деген кертартпа ұғымына
қарсы келіп, бала санын шектемейтіндердің қатары, Құдайға тәубе, көбейіп
келеді.