Үлгі-өнеге көрсете білу - Уағыз-насихат <!--%IFTH1%0%-->- Мақалалар<!--%IFEN1%0%--> - Соңғы діни мақалалар - Руханият діни танымдық сайты
Әлі-Бекен мешітіЖексенбі, 01.08.2010, 07:02
| RSS
Сайт мәзірі

Каталог категориясы
Қазақша мақалалар [148]
Арабша мақалалар [0]
Уағыз-насихат [77]
Өзбекше мақалалар [6]
Өсиет әңгімелер [23]
Руханият [43]
Қырғызша мақалалар [4]
Ораза - Ғылымхал [0]
Орысша мақалалар [23]
Иман журналы [3]

Шағын-чат

Сауалнама
Мен үшін ең абзал нәрсе.
Жауап берілді: 229

Негізгі бет » Мақалалар » Мақалалар » Уағыз-насихат

Үлгі-өнеге көрсете білу
Адамдарды Аллаһтың ақ жолына шақырушы оларға өздерiнiң үлгiсiмен және өзiн-өзi жетiлдiру, амалдарын жақсарту қабiлетiмен өнеге көрсете алады. Ар-Рази айтты:
– Үлгi дегеннiң өзi өнеге. Сондықтан да бiреудi үлгiлi деп айтсақ, демек оның өнегелi болғаны.
Өнегенiң екi түрi бар:
а) Жақсы өнеге.
Шексiз Ұлық Аллаһ айтты:
"Расында сендер үшiн, Аллаһты да, ақырет күнiн де үмiт еткендер және Аллаһты көп еске алған кiсiлер үшiн Аллаһтың елшiсiнде көп өнегелер бар”. (Ахзап 33:21)
б) Жаман өнеге.
Қашан өздерiне пайғамбарлар уағыз айтқанда, көпқұдайшылдар былай деп айтатын:
"…Аталарымызды бiр жол үстiнде таптық. Расында, бiз де олардың iзiне түсiп, тура жол табамыз…” (Зухруф 43:22)
Әл-Хасан әл-Басри,(р.а) былай дейдi:
– Адамдарды сөзiңмен емес, iсiңмен иландыр. Кiм көпшiлiктi сөзбен емес, iсiмен иландырар болса сол уағыздаушы боп табылады. Егер ол бiр нәрсенi бұйыруды қаласа, алдымен өзiнен бастайды және өзi бiрiншi iстейдi, ал бiр нәрседен тыюды қаласа, алдымен өзi тыйылады.
Егер адам тек өзiнiң жан рахатын ойлап, нәпсiнiң құлына айналар болса, онда ол басқаларға үлгi көрсету былай тұрмақ, олардың кемшiлiктерiн бетiне басып айта да алмайды.
Ескiден қалған мынадай мәтел бар:
– Тiлден шыққан сөз құлақта қалады, жүректен шыққан сөз жүрекке қонады.
Адамдарды Аллаһтың ақ жолына шақырушы  туралы не айтуға болады, егер олардың сөздерi iстерiне қайшы келiп жатса. Онда олар өздерi ғана зиянда қалып қоймай, өзгелердi де зиянға ұшыратары хақ. Ондайлардың уағыздары адамдардың жүрегiнде керi әсер туғызып, сенiмдi тежейтiндей не сенiмнен алшақтататындай өте қауiптi мәнге ие болмақ. Олар туралы жұрт:
"Егер оның уағыздап жатқан нәрсесi дұрыс болса, алдымен өзi ұстанар едi”, – деп айтар едi. Өкiнiшке орай осындай салқын көрiнiстер бiзде де бар. Қампиған қарынның қамынан әрi аса алмайтын дүмшелер бұрыннан-ақ көзге iлiнiп, "Дүмше молда дiн бұзар”, "Молданың iстегенiн iстеме, айтқанын iсте” т.б. деген сияқты мақал-мәтелдер ел iшiнде кең тарап кеткен. Сөзiне iсi сай келмейтiн имамдар қазiр де аз деп айта алмаймыз.
Ондайларды Аллаһ Та`ала былай деп айыптады:
"Өздерiне Таурат жүктелiп, кейiн оны игере алмағандардың мысалы: кiтаптарды артқан есек тәрiздi, Аллаһтың аяттарын жасынға шығарған елдiң мысалы нендей жаман…” (Жұма 62:5)
Шындығында да қаншама пайдалы кiтаптарды есекке жүк қып артсақ та бәрiбiр одан есек ешбiр пайда ала алмаған болар едi, тек қана үстiне артылған ауыр жүктен шаршаған, қиналған болар едi.
Ал ендi басқаларды жақсылыққа шақырған, бiрақ iсi сөзiне қайшы келетiн адамды жан-жағына жарық шашып тұрған, әрi өзi отқа күйiп, тамызыққа айналған шыраққа ұқсатар едiк.
Исламдық дағуат iсiмен осындай адамдар айналысатын болса, жан-жағын жегiдей жеп, қоғамда тоқырау қаупiн туғызады, бiрi тұрғызып жатса, екiншiсi құлатып жатады, бiрi қосып жатса, екiншiсi айырып жатады, бiрi сүйiспеншiлiк сезiмiне баураса, екiншiсi жүректерге қаскөйлiк орнатады. Бұдан шығатын қорытынды, өздерiн исламдық дағуат iсiне арнаған адамдар өз араларын мұндай ауру таратушы жегiден: екiжүздi және сөзi мен iсi үйлеспейтiндерден, дiндi бас пайдасына айналдырып алушылардан тазартып отырулары тиiс. Өйткенi, ондайлардың түйiрдей де келтiрер пайдасы жоқ, қайта зияны орасан зор. Ондайлардың мүләйiм сөздерi арқылы Аллаһ Та`ала ешбiр адамды тура жолға салмайды және олар арқылы ешбiр адамды табысқа жеткiзбейдi.
Шексiз Ұлық Аллаһ Та`ала айтты:
"Немесе олардың мысалы: терең теңiздегi қараңғылық тәрiздi. Толқын үстiнде толқын, оның үстiн бұлт қаптаған қараңғылық, бiр-бiрiнiң үстiнде… Аллаһ жарық қылмаған бiреудiң жарығы болмайды”. (Нұр 24:40).
Әбу Мансур ад-Дамиати артында мынадай сөз қалдырды:
– О, бiлетiндер, қателiктен сақтаныңдар! Жаңсақ басып қалмаңдар, орны толмас өкiнiште қаласыңдар! Бiлетiндер жаңсақ басса, оған үлкен мән берiледi, ал егер қателессе, сол қателiгi адамдарға өнеге түрiнде берiледi. Адамдар кейiн оның қателiгiн дұрыс көрiп, соған сүйенетiн болады және адасушылар үшiн ақталуға сылтау болады. "Менiң жаңсақ басқан қадамым көзден таса қалады” – деп ойлама, ол iлiмге зиян тигiзедi. Егер сен өзiңнiң жаңсақ басқан қадамыңды көңiл аударуға тұрмайды деп санайтын болсаң, ол Аллаһтың және адамдардың көз алдында ұлы қайғы боп тұрады.
Әбдімүтәліп Сәттібайұлы
Категориясы: Уағыз-насихат | Ендірген: IslamCom_Kz (28.12.2009)
Көрілді: 227 | Рейтингі: 5.0/1 |
Кіру/тіркелу
Логины:
Кілт сөз:

ЖАРНАМА

Іздеу

Діни сайттар

Санақ

Сайт зияратшылары: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Әлі-Бекен мешітінің діни танымдық сайты © 2010