Жастарды адастырушы миссионeрлeргe рақымшылық жоқ! - Қазақша мақалалар <!--%IFTH1%0%-->- Мақалалар<!--%IFEN1%0%--> - Соңғы діни мақалалар - Руханият діни танымдық сайты
Жаңа діни ағымдарды насихаттаушылар
өздерінің уағыздарымен жұрттың жүрегін жылытып, қайғырғанға жұбаныш
айтып, жұмыссызға жұмыс беріп, қайырымдылық ас беріп, үмітсізге
болашақта бақытты өмірді уәде етумен өз қауымдарына тартып, талмай
миссионерлік жұмыс жүргізуде. Соның нәтижесінде Қазақстанда қазір
5000ға жуық діни ағым ресми тіркеуден өтті. Бұл ағымдарға мүше болып кіргендердің
ішінде туғантуыстарынан, отбасынан айырылған, жұмысынан босап,
досжарандарымен түсінісуден қалған адамдар осы ағымдардың шырмауына
түсті. Қазақстандағы дәстүрден тыс ағымдардың барлығы дәстүрлі
діндердегі Құдай туралы, адамның сенімі туралы ілімдерді, жалпы
адамгершілік принциптерін негізге алып, біраз өзгертулер кіргізумен
оларды жаңа ілім ретінде жариялайды. Бұл ілімдерде баса назар аударатын
нәрсе — оларда тіл, ұлттық мәдениет, патриотизм мәселелері құндылық
болып саналмайды. Құдай алдында барлық адам бірдей, сондықтан оның
жерді иемденуі, ұлт болуы, өзіндік ерекшелігінің болуы міндет емес.
Мұндай көзқарас әлемдегі ешқандай елдің саясатына сәйкес келмейді.
Барлық елде гуманистік принципті ұстана отырып, өз ұлтының тілін,
мәдениетін, ерекшелігін сақтауға, сонымен қоса оларды дамытуға,
қорғауға көңіл бөлінеді. Тағы атап айта кетер мәселе — бұл ағымдар
өздерінің миссионерлік жұмысында психотехника тәсілін қолданады. Оның
сан түрлі әдістері барлығын психологғалымдар дәлелдеп отыр. Әлемдік
тәжірибеде осы ағымдардың жұмысына байланысты аса ауыр қылмыстық
істердің әшкереленгендігі туралы да жеткілікті фактілер бар. Сондықтан
да, Қазақстандағы көп конфессионалды қоғамның осы қауіптен аман қалуы
мүмкін деп қол қусырып отырмай, қауіптің алдын алу шараларын жасау,
қоғамның діни сауаттылығын арттыру, жастарды рухани тәрбиелеу кезек
күттірмейтін өзекті мәселе деңгейіне көтеріліп отыр. Себебі, бұл дінге
кіргендердің өздері сектанттық арбаудың шырмауында жүргендерін
сезбейді. Олар, әсіресе, жастар санасын улайды Бұл жаңа ағымдарды неге
"секталар” деп атайды және оны анықтайтын қандай өлшемдер бар деген
сауалға тоқталсақ, біріншіден, бұл ұйымдарда тірі адамға табынады (ұйым
басшылары Құдай ретінде қабылданады), діни ілімдері эсхатологияға
негізделеді, жиындарының көпшілігі жасырын өткізіледі, ұйым мүшелері
қатал рухани бақылауда болады және бұл ұйымдар қоғамға қарсы әрекеттер
жасайды. Кейбір ғалымдар осындай анықтамаға сай жаңа құрылымдарды
деструктивтік діни бірлестік деп те атайды. Секталардың қызметі
тармақты маркетингті ұйымдастырғандағы сияқты бір жүйеге келтіріліп
жүргізіледі. Мамандар маркетинг принциптеріне сараптама жасағанда, бұл
жұмыста диллер жетістікке жету үшін оның мынандай психологиялық
көрсеткіштері болуы керек дейді. Яғни, ол адам дүниеқор, пайдакүнем,
ұялу, ыңғайсыздануды білмейтін, екіжүзді актер болуы тиіс. Маркетингте
де, секталарда да осындай қасиетпен көзге түсетін лидерлар
(көшбасшылар) бар. Маркетинг пен секталардың жұмыс кезеңдері де бірдей:
1. мүшелікке таңдау; 2. тармаққа баулу; 3. психологиялық тазарту.
Тармақты маркетинг пен сектанттық қызмет адамдарды "бағыттаудан"
басталады. Ол үшін бесалты адамнан құрылған топ болса жеткілікті. Ондай
кездесулерде олар өте мейірімді жанашыр ретінде әңгіме айтып,
адамдардың сеніміне кіріп алады. Одан кейін нейролингвистикалық
бағдарламаның заңына сай осы адамдармен біртіндеп жұмыс істей бастайды.
Мұндай принциппен жұмыс істейтін адам кез келген аудиторияны транс
(санадан тыс болу) жағдайына түсіре алады. Егер діни ағымдардың
қызметінде осындай белгілер болып, психотехникалық әдістер қолданылса,
оларды секталарға жатқызуға болады. Транс жағдайының пайда болуының
физиологиялық тетігін ХХ ғасыр басында орыс ғалымы А.Ухтомский
зерттеген. Ол транста болған кез келген адамның санасы трансформацияға
ұшырайды. Ол транс қалай шақырылса да (камланиямен бе, ритмикалық
дыбыстармен бе, ғылыми лингвистикалық практикамен бе, медитациямен бе,
есірткімен бе, бәрібір) адам санасына зиянды құбылыс болады деп
қорытынды жасаған. Дәстүрлі діндер мұндай әрекеттерге қатал тыйым
салады. Дәстүрлі діндерді ұстанушыларды бірдей құндылықтар мен
принциптер біріктірсе, сектанттық ұйымдарды, керісінше, ұйым басшысы
немесе рухани ұстаз абыройына бас ию мен ұйым мүшелерінің өзара
қарымқатынастары біріктіреді. Сондықтан да дәстүрлі діндерді
ұйымдастырушыларда жұмсақтық басым көрініс тапса, жаңа құрылымдарда
оған мүше адамдар өмірі темірдей тәртіптің арқасында толығымен
бақылауда болады. Дінтанушылар мен психолог мамандар жаңа діни
құрылымдардағы жұмыс, негізінен, жастарға бағытталған деген тұжырым
айтады. Алғаш келген жасөспірім бүкіл топтың ерекше назарында болады.
Жас адамның ойлау қабілетін тоқтататын әдістерді қолдану арқылы оны
"ерікті” түрде иландырады. Осылайша рухани ізденістегі адамға да, өмір
тәлкегінен күйзеліске ұшыраған адамға да бұл ұйымдар қамқоршы болып
көрінеді. Бірақ, олардың берген жұбанышы уақытша әрі алдамшы, өйткені
олар өмірдегі нақты нәрсені еш өзгерте алмайды. Егер адамда өзінің
адамгершілік нормалары мен жалпы құндылықтар туралы нақты көзқарасы
болмаса, онда ол адам команданы орындайтын робот сияқты өз еркінен тыс
біреудің айтқанын орындай бастайды. Мұндай жағдай, әрине, тұлғаны
психологиялық және рухани тоқырауға ұшыратады. Дәл осындай жағдайға
жасөспірім балаларымыз тап болып, шетелдік миссионерлердің құл
қызметшілеріне айналғанын көргенде жүрегіміз қалай сыздамасын? Қай
діннің немесе діни секталардың үгіті күшті жүргізілсе, адамдар сол
дінге көп барады. Зерттеуші ғалымдар да әлеуметтанушылар қазіргі күні
протестанттық секталардың жұмысы жақсы ұйымдастырылуына байланысты
Қазақстанда христиан дінін қабылдаушылар саны көбеюде деген пікірлерді
көп айтып жүр. Әсіресе, "Библияны” қазақ тілінде оқытып, сыйынуды сол
тілде жүргізетін "мәсіхшілердің” шіркеуіне қазақтар өте көп жиналады.
Қазақстанда әртүрлі секталардың жұмысы туралы Министрлер Кабинетіндегі
дін жөніндегі кеңес төрағасы Тельман Сауранбаев соңғы жылдары
республикада евангелиялық бағыттағы қоғамның жұмысы күшейіп,
протестанттық секталардың ақылойды шатыстырып, басын айналдырумен
айналысатын діни бағыттар көбейіп кеткенін осыдан бесалты жыл бұрын
айтқан болатын. Бұған қалай тосқауыл қою керек? Секталардан қалай
сақтанамыз? Менің ойымша, ең алдымен жанұядағы тәрбиеге көңіл бөлген
жөн. Балаларға ұлттық дәстүр, мәдениет, ауыз әдебиеті үлгілері, діни
нанымсенімдер туралы әңгімелерді жиі айтып отыру қажет. Содан кейін,
әрине, мектеп бағдарламаларына кіргізілген «Дінтану» негіздері пәнінде
оқушыларға жалпы діндер туралы мағлұматты ғылыми тұрғыда беруді
міндетті түрде іске асыру керек. Діндерге байланысты, әсіресе, жаңа
діни ағымдар туралы объективті жазылған әдебиеттерді түсіндіру қажет.
Мектептерде дінтанушы маман жұмыс істегені жөн. Дінтанушы тек «Дінтану»
пәнін оқытып қана қоймай, жасөспірім балалардың діни сауатын ашу
жолындағы жұмыстарды да үздіксіз жүргізіп, оның әдістерін де жетілдіріп
отыруды қолға алуы керек. Атааналармен бірлесіп тәрбие жұмыстарын
жүргізіп, мектеп, ауыл, аудан, қала әкімшіліктерімен ұйымдаса отырып,
жастардың руханимәдени дамуына әсері мол шараларды жиі өткізіп отырудың
да өз жемісін берері сөзсіз. Сонымен қоса балабақша, мектеп, клуб, тағы
да басқа балалар мен жастар жиналатын саяжай сияқты орындарда бірдебір
діни уағыз жасауға жол бермеу қажет. Аталған орындарды жалға берген
немесе миссионерлердің заңсыз қызметтеріне немқұрайлы қарап, соған жол
берген шенеуніктерді жазаға тартудың да пайдалы болары сөзсіз. Ең
бастысы — билік тарапынан жастарды адастырушы миссионерлерге рақымшылық
болмауы тиіс!